Freestyle Libre-ді Ресейден (Мәскеуден) әкелуге тапсырыс беру бойынша Андрей Чикризовтың нұсқаулығы

  1. Freestyle Libre-ді Германиядан, Франциядан және т.б. мемлекеттерден әкелуге тапсырыс беру жағдайында сияқты, сізге Мәскеуде немесе Мәскеудің жанында тұратын жергілікті тіркелуі бар (ол өте маңызды) туыс немесе дос керек.
  2. www.freestylelibre.ru сайтына өтеміз және оң жағында жоғарыда орналасқан «Жеке кабинет» түймені басамыз. Ашылған терезеде «Жаңа клиентті» таңдаймыз және ЖАЗЫЛУ-ға басамыз. Ашылған терезеде өзіңіздің электрондық мекен-жайыңызды жазыңыз (бірнеше электронды пошталарға жазылуға кеңес беремін, өйткені біз тіркеген 4 электрондық пошталардың екеуіне ғана жауап келді). Жазылғаннан кейін тек қана Abbot-тан жауап күту қажет (бір аптадан бірнеше айларға дейін уақыт өтуі мүмкін, кейде тіпті жауап келмейді).
  3. Abbot-тан электрондық поштаға жауап келгеннен кейін, сол хаттағы сілтеме бойынша өтіп, Мәскеудегі емделушілерді тіркеу орталықтардың біреуін (олар шамамен үшеу ғана) таңдау керек. Сол орталыққа сіздің танысыңыз сіз белгілеген уақытта келіп, тіркелуін растау үшін өзінің төлқұжатын көрсетеді.
  4. Орталықта танысыңызды тіркеп, жеке кабинеттің логині мен құпиясөзін және визиткаларды береді.
  5. Танысыңыз сізге логин пен құпиясөзді жібереді, сіз жеке кабинетке кіресіз және бірінші тапсырысты (бұл 3 сенсор мен ридер, ридер толықтай орыс тілінде және оның Германияның, Францияның және тб елдердің ридерлерімен кері үйлесімділігі жоқ, басқа елдердің ридерлері де РФ-ның сенсорларын оқи алмайды) жасайсыз. Тапсырыс жасалғаннан кейін жеткізу мекенжайы мен тапсырыс алушының аты-жөнін толтырыңыз (танысыңыздың есігіне дейін жеткізілім тегін және сенсордың бағасына кіреді). 
  6. ТӨЛЕУ. Төлем тек қана қолма-қол ақшамен және тек қана танысыңыз сәлемдемені алған кезде жүргізіледі. Сондықтан да танысыңыздың картасына ақшаны алдын ала жіберу туралы ойлану керек (Біз алушы картасына Kaspi картасынан аударамыз, өйткені оларда ең кішкентай комиссия, сізге қалай ыңғайлы жіберу – тек сіздің шешіміңіз).
  7. Танысыңыз сәлемдемені алып, оған ақша төлейді, енді ол сізге жетуі керек. (Біз ТК Сдэк-пен қолданамыз, Шымкентке дейін жеткізу 10 000 тұрады, жеткізу мерзімі 5 жұмыс күнге дейін, әдетте 2-3-күнде жеткізеді) Өзімнен қосқым келетіні Ресейдің пошта қызметімен қолданбаңыз, тіпті сенсорларды көрмей қалуыңыз мүмкін.

Бәріңізге жақсы қантты тілеймін және үміт үзбеңіз, бірге біз – КҮШ!!!!!

Freestyle Libre үшін қосымшаны жүктеу (орыс нұсқасы.

Германия мен РФ-ның ридерлерімен жұмыс істейді)

Материал авторы: Андрей Чикризов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *